Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
IQ – интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқаулар өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген әрбір баланың хатын, шығармасын, суретін,жұмысын зерделеп қарап, елеп-екшеп бағалау оңайға соққан жоқ. Дегенмен еліміздің ертеңі болатын талантты балалардың жұмыстары көңілге қуаныш ұялатады. Байқауға қатысқан қай баланың жұмысын алсақ та жүлдеге лайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей, өз деңгейімізде сараптап, бағаладық. Дарынды оқушыларын қатыстырып, байқау жұмысына белсене атсалысқан ұстаздар қауымына зор алғыс білдіреміз. Еліміздің ертеңі болар дарынды балалардың шабытын ашып, шығармашылығына қолдау көрсетуге әзір сіздердей ұстаздармен мақтанамыз.
Жүлдегер оқушылар арнайы дипломмен, қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталатын болады. Жетекші мұғалімдеріне IQ -Интеллектуалды білім порталының арнайы дипломы беріледі.
Құрметті ұстаздар! «Әрбір шәкірт бір жұлдыз, жануына жәрдем қыл» деп ғұламалар айтқандай, дарынды баланы даралап, еліміздің ертеңіне қолдау жасайық!
Байқау нәтижесін, орын алған оқушылар тізімін төмендегі құжатты жүктеп алып көре аласыздар.
Ізгі тілекпен ұйымдастыру алқасы.
Жүлдегерлер тізімі (жүктеп алу)
САЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ, КӨП РАХМЕТ!
МЕНІН БАЛАЛАРЫМ БАРЛЫҒЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛЫПТЫ! АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!
ЕНДІ ДИПЛОМДАРДЫ ҚАЙДАН ЖҮКТЕП АЛАМЫЗ?
Сәлеметсіз бе! Барлық қатысушылардың Диплом мен Алғыс хаттары байқауға жұмыстарын ұсынған почталарына жіберілуде.