Тәуелсіздік тірегім

Тәуелсіздік тірегім

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді  16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тірегім» атты Республикалық педагог мамандар арасындағы үздік сабақтар байқауына қатысуға шақырамыз.

10 қазан-1 желтоқсан аралығы жұмыстар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар 1 желтоқсан —  7 желтоқсан аралығы онлайн дауыс беру арқылы бағаланады

Жұмысқа қойылатын талаптар:
Сабақ тек тәуелсіздікке ғана қатысты емес, кез келген тақырыпта ашық сабақтың жоспары болса болады. Сабақтың барысы тәуелсіздік күнімен байланыстырыла отырып жүруі қажет. Жұмыс қатесіз терілуі қажет, шрифт өлшемі 12 — 14, көлемі екі беттен асатын жұмыс болуы керек. Сабақтың тақырыбы ашылуымен қатар, сабақтың барысында қолданылған жаттығу тапсырмалары түгел көрсетілуі шарт. Слайдтың да сапалы құрылуына назар аударылуы керек.
Ашық сабақ қызықты әрі сапалы болуы керек.
Ең үздік ашық сабақ, слайдымен (слайд сабаққа қатысты болуы шарт).
— Бастауыш сынып
— Балабақша
— Жоғары сыныптар: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика және геометрия, информатика, физика, химия т. б.
Жұмыс басқа сайт беттерінен көшіріліп алынбағаны жөн!
Үздік ашық сабаққа берілетін орын саны ұстаздардың белсенділігіне байланысты.
Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі.
Сайысқа қатысу құны 2000 тг.
Қосымша сауалдар үшін:  
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
Киви кошелек арқылы төлем:  
Билайн номерге () бірлік салу арқылы төлем жасау
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып  почтасына жолдауы керек.

Добавить комментарий