Республикалық оқушылар байқауы
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары
Қатысушыларды тіркеу:
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 10 желтоқсан 2016 жылға дейін
Қорытынды уақыты: 16 желтоқсан 2016 жыл
Ұйымдастырушы: IQ — Интеллектуалды білім порталы
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлышыныстарын арттыру;
- Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;
- Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік;
- Қатысушылардың басқа өңірлерге бармай-ақ, өзге жақтың оқушылармен бірге жарысқа түсуі;
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Тапсырма. Байқауға қатысушы оқушылар төмендегі номинациялар бойынша сынға түседі.
- «Тәуелсіздік тағылымы » — зерттеу жұмыстары, рефераттар, тарихи деректер, Қазақстан тарихына байланысты ғылыми жобалар;
- «Тұғырлы тәуелсіздікке – 25 жыл» — шығармалар, эссе, өлеңдер.
- «Менің Қазақстаным» — қылқалам шеберлерінің жұмыстары, сырлы суреттер;
Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, өзінің толық аты — жөнін, мекен-жайын және жетекші мұғалімінің аты-жөнін, байланыс номерін қоса жолдауы керек.
Егер бір сыныптан бірнеше оқушы қатысатын болса, арнайы тізім жасап бір құжатпен жолдауы тиіс!
Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
- IQ — Интеллектуалды білім порталымен толық танысып, кері байланыс арқылы қатысуға сұраныс жіберу немесе толық ақпарат үшін сайтта көрсетілген нөмірге қоңырау шалу.
- Қатысушылардың барлығы байқауға қатысу үшін жарна төлеуге міндетті . Кез келген байқау бір қатысушы үшін 500 теңге.
- Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса порталдың почтасына () жіберуге тиісті.
- Байқауға жұмыстар jpg және doc форматында жолдануы қажет.
Бағалау:
- Шығарманың тақырыпты толық ашуы, әдеби тілде жазылуы, грамматикалық , орфографиялық қателердің болмауы, ойдың толықтай және анық жеткізілуі, фотосуреттің сапалы болуы. Әр жұмыс өзінің талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.
- Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты үш жүйеде жүргізіледі. 1-4 сынып оқушылары, 5-8 сынып оқушылары, 9-11 сынып оқушылары бір бөлек бағаланады.Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. Жеңімпаз жұмыстар IQ — Интеллектуалды білім порталында жарияланады және де марапаттау қағаздары электронды түрде беріледі.Марапаттау қағаздарын қолма қол алу:- Бір оқу орнынан 30 оқушыдан көп адам қатысқан жағдайда барлық қатысушыға марапаттау қағаздарының түпнұсқасы курьерлік қызметтер арқылы оқу орнына жіберіледі. Қатысу жарнасы 500 теңге (адам басына)
- Марапаттау қағаздарын жекелей алу бірнеше оқушыға (30ға дейін) тиісінше оның бағасы 1000 теңгені құрайды.
Қосымша сауалдар үшін:
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
Киви кошелек арқылы төлем:
Билайн номерге () бірлік салу арқылы төлем жасау
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып почтасына жолдауы керек.
