Тұғырлы тәуелсіздікке -25 жыл
Қазақстан — татулықтың тұрағы
Қаншама ұлт тату-тәтті тұрады.
Біз түріктің бақытты жас өркені
Тәуелсіз ел Қазақстан ұланы.
25 жыл желбіреді туымыз,
Түрік деген бауырлас ел, біліңіз!
Кең даласы киелі ғой қазақтың
Түбі туыс түріктің ұл-қызымыз.
Көп ұлтты Қазақстан Отаным,
Отанымды мақтанышпен атадым
Барша ұлттың ұйытқысы боп жүрген
Елбасыма алғысымды айтамын!
Қазақстан өркендесін , жасасын!
Әлі талай асулардан асасың.
«Қазақстан – менің туған өлкем!»-деп,
Әрбір бала мақтанышпен атасын.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
А.С.Пушкин атындағы орта мектептің
(орыс сыныбындағы) 6-сынып оқушысы Гусейнов Алихан
