Ауылда бақшада өсіп тұрған қарбыз бен пияз таңертеңгілікте кездесіп, бір –бірімен амандасады. Екеуі қызу әңгімелесіп, сөзге келіп қалады.
Сонда қарбыз пиязға:
-Сен сондай ащысың. Сені балалар жек көреді. Сені аршыса болды, көздерінен жас шығып, ең кішкентайлар жылап жібереді. Ал мені көрсе, көздері күлімдеп, қуанады, шөлдерін басады. Мені бала да, үлкен адамдар да жақсы көреді,- деп мақтанады. Сонда пияз тұрып:
-Сен қандай мақтаншақсың? Сені жазда ғана жейді. Ал мен болсам қысы-жазы керекпін. Егер күзде тұқымымды сеуіп тастаса , қар кетісімен жер бетіне шыға бастаймын. Сосын мен тұмау деген жаман аурудан сақтаймын. Тамақтың дәмін келтіремін. Ал, сен тек Күннің қызуына пісесің. Қар кеткенде сені іздесе де таба алмайды. Мен болсам қыста да, көктемде де , жазда да, күзде де адамдармен біргемін , -деді пияз .
Қауын болса, пиязға қарсы ештеңе айта алмай ойланып қалды. Аздан кейін ол өзінің асыра мақтанып кеткенін біліп, пияздан кешірім сұрайды да, домалап жатып қалады.
Абдухаликова Айша
Талапкер орта мектебінің
3-сынып оқушысы