Мен — елімнің ертеңімін
Менің елім — менің Қазақстаным!Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен,мақтанышпен айта алады.Себебі біз отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздарымыз,қасиетті қазақ топырағында өсіп,мекен етіп,тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз қазір өте мазасыз дәуірде,дүниеде соғыстар жүріп,ұлтаралық шиеліністер,лаңкестік актілер орын алған кезінде өмір сүреміз.Өз елінде бейбітшілік пен келісімнің сақталуы адамды алаңсыз етіп ертеңгі күніне сеніммен қарауға жетелейді,ал одан асқан қандай игі мақсат болуы мүмкін.Біздің еліміз басқа да елдермен терезесі теңесті,басқа да елдерден лайықты бағасын алды .
Кез келген мемлекеттің болашағы — білімді жастар.Көзі ашық,көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгеді.Яғни ең әуелі білім алып,жақсы мамандық таңдау — елдің келешегі үшін жасалған іс. Мен де өскенде біріншіден,елшілік қызмет атқарғым келеді.Елімнің экономикасын көтеріп,оны ең дамыған елдер қатарына қосуға үлес қосамын.Қазақстан мен шет елдер арасында достық қарым-қатынасты орнатқым келеді.Ал екіншіден, өзім көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялы орталығында,Павлодар өңірінде тұрамын.Ендеше туған жерімнің таза экологиялық аймаққа айналуына орай қордаланған түйткілді мәселелердің шешімін табуға өз үлесімді қосар едім.Сондықтан мектепті бітірісімен мемлекеттік жергілікті басқару университетіне оқуға түссем деп армандаймын.Мектебімізде қазір «Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері» деген жоба жұмыс жасауда.Бұған Елбасымыздың қолдау танытып отырған «Жасыл ел» бағдарламасы бірден-бір дәлел.Осы мәселемен айналысу ойымда бар.
Зауыттардың көптеп ашылуы экономикамыздың ілгерілеуіне септігін тигізгенімен,экологиялық тұрғыда халыққа зардабы өте үлкен болатыны бәрімізге белгілі.Уақыт өте келе таза экологиялық аймақта өмір сүретінімізге сенімдімін.Экономиканың қарқынды дамуы елдің экологиясына кері әсерін тигізбейтіндей түрлі жаңа технологияларды ойлап табуда аянбай еңбек етермін деген мақсатты ұстанамын.
Еліміздің болашағы — жастардың болашағы.Сондықтан Қазақстанның жастары ел болашағының жарқын болуына бір кісідей атсалысуы қажет деп ойлаймын.Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап,жаңа идеяларды ұсынатын негізгі қорғаушы күші болуы тиіс. Бәрінен де мені қуантатыны,біздер,оқушылар өз ана тілімізде білім алып жүрміз.Бұрын ол мүмкін бола бермейтін.Бұл да болса тәуелсіздіктің жемісі.
Қоғамдағы ішкі тұрақтылық , ұлтаралық татулық біздің әрқайсымызға Ұлы Қазақстанның бөлшегі екенімізді айқын сезінуге мүмкіндік береді. Шын мәнінде, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз , біздің біртұтас Отанымыз. Әрқайсымызға да “Мен -қазақстандықпын” деп зор мақтаныш сезіммен айтатын күннің туғанына ширек ғасыр,25 жыл, толғалы отыр!Осы айтулы күнге жету қандай қиын болса,оны аман сақтап қалу қиынның – қиыны екенін жақсы түсінеміз.
Елбасы алға қойған стратегиялық мақсаттарды орындап,дамыған қуатты мемлекет екенімізді мойындату алдағы күннің еншісінде.Ол мақсатқа жету үшін сіз бен біз,әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Қазақстанның болашағы үшін,келешек үшін жақсы оқуға,кірпіш болып қаланатыныма уәде беремін,себебі елдің туын биік ұстау — перзенттік парызым деп білемін.Елімнен «не аламын» деп емес, «не беремін» деп өмір сүремін деген сенімдемін.
Ақсу қаласының
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясының
9 — сынып оқушысы Рамазанова Аяулым