Мен Президент болсам
«Президент» — дегеніміз үлкен тұлға, көшбасшы. Президент болу үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті талап етеді. Менің де, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз сияқты ел басқарғым келеді. Ол үшін Президентіміз сияқты жақсы оқып, білім алуым керек.
Мен Президент болсам, ең алдымен еліме, халқыма көмегімді тигізер едім. Мемлекетіміз мықты болу үшін, тәртіп керек деп ойлаймын. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген. Яғни тәртіп бар жерде, бірлік бар.
Болашақта мемлекетіміздің дамуына үлкен үлесімді қосамын. Әрбір адам баласы ұстаздың алдында білім алып, тәрбиеленеді. Жақсы ұрпақ тәрбиелеп, бар күшін аямайтын ұстаздарымызға, барлық адамдарға жақсылығымды аямай, жағдай жасар едім.
№42 жалпы білім беретін мектептің
3 «в» сынып оқушысы
Көптілеу Нұрдәулет