Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстан ең әдемі және қайталанбас табиғаты, көп ұлтты, ескі мәдениеті, кең тарихы бар, Ұлы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біздің елбас, саясаткер және нағыз патриот адам, ол – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасымыздың бастауымен біз тәуелсіз тұрақтылыққа қол жеткіздік. Қазақстанда бір отбасы болып, он жеті миллионнан астам адам, жүзден аса ұлт тұрады. Бірлік пен ынтымақтықтың арқасында бәріміз тату – тәтті тұрамыз. Мен жақсы оқып, жұмыс істеп, Отанымның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Егеменді, Тәуелсіз Қазақстан – Менің елім! Менің Отаным!
Тәуелсіз елім менің,
Елімді сүйем жастан.
Елім үшін – қуат күшім,
Жырлаймын бір тынбастан.
Елім – қуат, нәр береді.
Елім – ұран, Елім – туым,
Тәуелсіз елім мәңгілік гүлденеді.
Егеменді, Тәуелсіз Қазақстан!
Жамбыл облысы. Шу қаласы. Ғани Мұартбаев атындағы орта мектеп
6 – сынып оқушысы Селукова Милана

