Қаңтар айына ұйымдастырылған байқау тақырыптары

Қаңтар айына ұйымдастырылған байқау тақырыптары

IQCENTER ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ ПОРТАЛЫ МЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ҰЛАН” БАСЫЛЫМЫ даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары арасында төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады.

  1. ЭССЕ: “ҒАСЫР АДАМЫ – ҚОНАЕВ”(Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев туралы қызықты деректер. Ұлы тұлғаның ұлы істері, еңбектері. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  2. ЭССЕ:“МЕНІҢ СҮЙІКТІ СПОРТШЫМ”(Ең сүйікті спортшың кім? Ол туралы не білесің? Оның көпшілік біле бермейтін қырлары туралы айтарың бар ма? Несімен ерекше санайсың? Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  3. МӘНЕРЛЕП ОҚУ: “ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН КӨП ОЙЛА”(Ақындық қабілеті бар қатысушылар ақын М.Жұмабаевтың кез келген өлеңін жатқа оқуы керек. Қатысушы ойының ұшқырлығы, өлеңді жеткізе білу қабілетін бағалаймыз. Смартфонмен видеоға түсіріп жолданады.)
  4. СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: “АСТАНА”(Тақырыпқа орай сурет салу. Сурет салуға арналған арнайы қағаз-қаламдар мен түрлі-түсті қарындаштар, акварельді бояу және т.б. қолдануға болады. Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  5. ЭССЕ: БІР КЕМ ДҮНИЕ(Қазақ жастарында көп кездесетін ортақ кемшіліктер. Оның қоғамға, ұлтқа әсері. Одан арылудың басты жолдары. “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  6. ЭССЕ: “WINTER IS THE MOST OF INTERESTING SEASON”(Қыстың өзіңізге әсерлі де әдемі тұстарымен бөлісіңіз, қысқы ойындар, ұйқыға кететін жануарлар, қыстайтын құстар туралы жазуыңызға болады. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  7. ЭССЕ: “ВСЕГДА ЛИ ВЫ ДЕРЖИТЕ СЛОВО(Сіз уәдеңізде тұрасыз ба?Сіз үшін сөзінде тұру деген не? Берген уәдені орындау қиын ба? Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  8. ЭССЕ: ЗИМУШКА-ЗИМА( Бастауыш және орта буын сыныптар аралығындағы қатысушыларымызға арналған, қыс туралы тақырыпта қатысушыларымыз эссе жазып немесе (А4 форматта)сурет салуына да болады. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  9. ӨЛЕҢ: “МЕНДЕ ДЕ БАР БІР АРМАН”(Ақындық қабілеті бар қатысушылар бала арманы, жан қалауы туралы өлең шығаруы керек. Шынайылығы, көркемдік теңеуі, буын санына қарай өлеңнің ұйқастығы ескеріледі. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады)
  10. ЭССЕ: “ЖАНЫМНЫҢ ЖАРҚЫН ЖҰЛДЫЗЫ” (Жаныңа жақын адам кім? Қандай қасиеттері үлгі? Оған еліктейтін, одан үйренетін жақсылықтары туралы жаз. Эссе“Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  11. ЭССЕ: “ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ” (Қоғамда қазақтың “ар-ұят” ұғымын жоққа шығарушы топ пайда болды. Олардың түсінігінде “ұят” адамды тығырыққа тірейді, мүмкіндікті шектейді. Қазақ түсінігіндегі “ар-ұят” ұғымы туралы не ойлайсың? Не білесің? Таңдаулы жұмыс “Ұлан” газетінде жарық көреді.)

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 10.01.2019ж — 24.01.2019ж

Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: 28.01.2019 ж

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Қатысушылар бір жұмыс үшін (комиссиясыз) 500 теңге төлем жасауы шарт.
  2. Жұмыстарды және төмендегі сұраныс кестені толтырып жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса iqcenterkz@mail.ru почтасына жіберуі тиіс.
  3. Байқауға жұмыстар jpgdoc және mp4 форматында жолдануы қажет. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!
  4. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға және әрбір орын алған қатысушының жетекші мұғалімдеріне алғыс хаттар беріледі;
  5. Алғыс хаттар мен дипломдар қорытынды шыққаннан кейін 5 күн ішінде электронды түрде беріледі;

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы мұғалімге сыйлық беріледі:

І орын бойынша  —  Ноутбук, ІІ орын бойынша – Смартфон, ІІІ орын бойынша – Планшет

  1. 100 оқушы қатыстырған жағдайда 20% жеңілдік беріледі;
  2. Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
    Киви кошелек арқылы төлем: 87056668876
    Кез келген төлем-терминалдары немесе “Қазпошта” мен банктер арқылы Билайн номерге (87056668876) бірлік салып төлем жасау немесе “Каспий голд” карточкасына( ИИН 760802301947, №5169 4931 7063 4359) аудару:

 

Сұранысқа арналған  кестесі:

ФИО Сыныбы Мектебі Байқау аты Жетекшісі Жетекшісінің ұялы телефоны
1. Азаматов Азамат 1 а №36 ЖББОМ   Азаматов Азамат  

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *