«Бәйтерегі елімнің» — Қазақстан Республикасы президенті күніне орай ұйымдастырылған байқау

«Бәйтерегі елімнің» — Қазақстан Республикасы президенті күніне орай ұйымдастырылған байқау

IQCENTER ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ ПОРТАЛЫ МЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ҰЛАН” БАСЫЛЫМЫ даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары арасында төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады.

  1. ЭССЕ: “ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ”(1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президент күні болып жариялануының негізгі себептері. Аталған датаның ерекшелігі, мәні. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  2. ЭССЕ:“ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ”(Елбасының тұлғалық болмысы. Адами қасиеттері. Көшбасшылық, данышпандық қырларын баяндау қажет. Эссе“Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  3. ӨЛЕҢ: “БӘЙТЕРЕГІ ЕЛІМНІҢ”(Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арнап өлең шығару. “Вордта” теріп немесе қағазға жазып, суретке түсіріп жіберуі тиіс. Өлең 7 шумақтан аспауы керек. Ең үздік өлең “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  4. МӘНЕРЛЕП ОҚУ: МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ(Белгілі ақындардың аталған тақырыпта жазған кез келген өлеңін мәнерлеп оқу. Қатысушы өзінің өлең оқып тұрған бейнетаспасын жолдауы қажет. Қатысушының ақындық қабілеті, өлеңді өн бойына сіңіріп, жеткізе білудегі шеберлігі, әрі дикциясы бағаланады. Кез келген смартфонда немесе арнайы камерамен түсіруге болады. Бастысы компьютерде қиындықсыз ашылып, видео сапасы бағалауға мүмкіндік берсе болды. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы қажет;)
  5. СУРЕТ: “НҰРЛЫ СҰЛТАН”(Арнайы түрлі-түсті немесе түссіз бояқтар қолданып Елбасы портретін салу. Жұмысты сканерлеп немесе сапасы жоғары камерамен суретке түсіріп жіберу қажет. Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  6. СУРЕТ: АЛҒАШҚЫ ҚАР(Қатысушы қыстың алғашқы күндерінен алған әсері туралы көркем сурет салып жолдайды. Жұмысты сканерлеп немесе сапасы жоғары камерамен суретке түсіріп жіберу қажет. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  7. ЭССЕ: MY PRESIDENT (Менің Президентім деген тақырыпта ағылшынша жазылуы керек. Қатысушының сөйлемдегі сөздік қорына, грамматикалық құрылымы мен сөйлем құрылысына, көркемдігіне назар аударамыз; “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  8. ЭССЕ: “МОЙ ПРЕЗИДЕНТ” (Елбасының тұлғалық болмысы. Адами қасиеттері. Көшбасшылық, данышпандық қырларын баяндау қажет. Эссе орыс тілінде жазылуы керек. “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс)

 

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 21.11.2018ж — 03.12.2018ж

Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: 05.12.2018 жыл.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Қатысушылар бір жұмыс үшін (комиссиясыз) 500 теңге төлем жасауы шарт.
  2. Жұмыстарды және төмендегі сұраныс кестені толтырып жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса iQcenterkz@mail.ru почтасына жіберуі тиіс.
  3. Байқауға жұмыстар jpgdoc және mp4 форматында жолдануы қажет. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!
  4. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орыналмаған қатысушыларға және әрбір орын алған қатысушының жетекші мұғалімдеріне алғыс хаттар беріледі;
  5. Алғыс хаттар мен дипломдар қорытынды шыққаннан кейін 5 күн ішінде электронды түрде беріледі;

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы мұғалімге сыйлық беріледі:

І орын бойынша  —  Ноутбук, ІІ орын бойынша –Смартфон, ІІІ орын бойынша – Планшет

  1. 100 оқушы қатыстырған жағдайда 20% жеңілдік беріледі;
  2. Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
    Киви кошелек арқылы төлем: 87056669955
    Кез келген төлем-терминалдары немесе “Қазпошта” мен банктер арқылы Билайн номерге (87056669955) бірлік салып төлем жасау немесе “Каспий голд” карточкасына( ИИН 760802301947, №5169 4931 7063 4359) аудару:

Сұранысқа арналған  кестесі:

ФИО Сыныбы Мектебі Байқау аты Жетекшісі Жетекшісінің ұялы телефоны
1. Азаматов Азамат 1 а №36 ЖББОМ   Азаматов Азамат  

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *