Қараша айына берілген байқау тақырыбы

Қараша айына берілген байқау тақырыбы

IQCENTER ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БІЛІМ ПОРТАЛЫ МЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ҰЛАН” БАСЫЛЫМЫ даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары арасында төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады.

  1. ЭССЕ: “ДОС – АЖАРЫҢ” (Дос пен жолдастың айырмасы не? Достықтың шарты қандай? Ең жақын досың туралы не айтасың? Қатысушы нағыз достық туралы өз ой-пікірімен немесе досымен болған қызықты оқиғамен бөліседі. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  2. ЭССЕ: “ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ” (Тән тазалығының басты қағидалары. Тазалық қайдан келеді? Өз тазалығың туралы не алып қосасың? Айнала, қоршаған орта тазалығы туралы түсінігің қандай? Өзін-өзі тану пәнінен эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  3. ЭССЕ: “АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ” (Адам мен табиғат байланысы. Адамзаттың әлемге, қоршаған ортаға тигізетін әсері. Соңғы жылдардағы әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан табиғи апаттар мен оның пайда болу салдары. Қазақстанның табиғатты қорғау бағытындағы экологиялық жобалары туралы не білесің? География пәнінен берілгендіктен көркемдік талап етілмейді. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  4. ЭССЕ: “ҚАЗАҚТЫҢ БИ – ШЕШЕНДЕРІ” (Қазақтың билері мен шешендері жайлы тарихи мәліметтер. Эсседе нақты бір тұлға туралы қызықты деректер қамтылуы керек. Тарих пәнінен эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  5. ЭССЕ: If I were…(“Егер де мен…” эссесі ағылшын тілінде жазылады. Өзіңді белгілі бір танымал адамның (тұлғаның) орнына қойып немесе қандайда бір маман иесі ретінде көріп, не істейтініңді, қандай өзгеріс немесе жаңалық жасатының туралы жаз. Ол үшін өзіңде бар мүмкіндік бар деп қабылда. Қатысушының ойы мен қиялын, арман-мақсатын, ниет-пейілін бағалаймыз. Әрі сөйлемдегі сөздік қорына, грамматикалық құрылымы мен сөйлем құрылысына назар аударамыз; “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  6. ЭССЕ: My lovely season(Сенің сүйікті мезгілің қандай? Несімен ұнайды? Қатысушы өзінің сүйікті мезгілі туралы баяндайды. Эссе ағылшын тілінде жазылуы қажет. Қатысушының сөздік қоры мен грамматикасына назар аударылады; “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  7. ЭССЕ: “САНДАР СӨЙЛЕЙДІ” (Сандар сыры туралы не білесің? Математика пәні бойынша жазылатын эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  8. ЭССЕ: «ПТИЦЫ НАШЕГО КРАЯ» (Өз өңіріңде қыстап қалатын құстар туралы не білесің? Қатысушы орыс тілінен эссе жазады. Жоғарғы сыныптан қатысатын қатысушының сөздік қоры мен грамматикасына, сөйлем құрылысына баса назар аударылады;)
  9. ЭССЕ: “ЭТО – МОЯ СЕМЬЯ(Орыс тілінде жазылатын эсседе төменгі сынып оқушыларының сөздік қоры мен грамматикасына, сөйлем құрамына назар аударылады;)
  10. ЭССЕ: “Қазақстанда тіршілік ететін су асты жануарлары” (Қандай су асты жануарларды білесің? Қатысушы биология пәнінен аталған тақырып туралы ізденіп, зерттеу жасайды. Эссе“Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  11. ЭССЕ: “Жарық көзі ” (Жарық көзі қашан және қайдан пайда болды? Жасанды жарық көзі туралы қызықты деректер. Физика пәнінен жазылатын эсседе қатысушының ізденімпаздылығы, мәліметтердің нақтылығы ескеріледі. Эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  12. ЭССЕ: “Магнийдің пайдасы зор” (Қатысушы магнийдің адам ағзасына беретін мол пайдасы туралы ізденіп, эссе жазады. Химия пәнінен жазылатын эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  13. ЭССЕ: “КЕСТЕЛІ ӘЛЕМ” (Текемет деген не? Қандай түрлерін білесің? Ол неден және қалай жасалады? Текеметті басу кезеңдері қандай? Қатысушы текеметтің көне түрлері туралы ізденіп, мәліметтерімен эссе түрінде бөліседі. Еңбек пәнінен жазылатын эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  14. ӨЛЕҢ: “Өлең — сөздің патшасы» (Қатысушы Абай Құнанбаевқа арнап өлең шығару керек. Ақынға, оның өнері мен өлеңіне деген сағынышын, махаббатын жеткізеді. Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  15. МӘНЕРЛЕП ОҚУ: “Абай өлеңдері” (Қатысушы Абай Құнанбаевтың күз туралы өлеңдерінің бірін мәнерлеп жатқа айтуы тиіс. Қатысушыны смартфонға видеоға түсіру керек. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы қажет;)
  16. СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: «Берекелі күз» (Қатысушы өз ой-қиялымен (фантазиясымен) аталған тақырыпта күздің суретін салады;Сурет салуға арналған арнайы қазғаз-қаламдар мен түрлі-түсті қарындаштар, акварельді бояу және т.б. қолдануға болады; Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;
  17. ЭССЕ: «Домбыра – халық мұрасы» (Қатысушы домбыраның шығу тарихы, құрылысы, түрі туралы ізденіп, өз тілімен баяндап эссе жазады. Музыкалық білім пәнінен  эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс; Ең үздік жұмыс “Ұлан” газетінде жарияланады;)
  18. “КҮМБІЛРІ КҮЙ” (Қатысушы еркін тақырыпта күй орындайды. Өзін-өзі ұстауы, күйді орындаудағы шеберлігі ескеріледі; Қатысушыны смартфонға видеоға түсіру керек. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы қажет)

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 02.11.2018ж — 29.11.2018ж

Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: 03.12.2018 жыл.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Қатысушылар бір жұмыс үшін (комиссиясыз) 500 теңге төлем жасауы шарт.
  2. Жұмыстарды және төмендегі сұраныс кестені толтырып жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса iQcenterkz@mail.ru почтасына жіберуі тиіс.
  3. Байқауға жұмыстар jpgdoc және mp4 форматында жолдануы қажет. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!
  4. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға және әрбір орын алған қатысушының жетекші мұғалімдеріне алғыс хаттар беріледі;
  5. Алғыс хаттар мен дипломдар қорытынды шыққаннан кейін 5 күн ішінде электронды түрде беріледі;

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы мұғалімге сыйлық беріледі:

І орын бойынша  —  Ноутбук, ІІ орын бойынша – Смартфон, ІІІ орын бойынша – Планшет

  1. 100 оқушы қатыстырған жағдайда 20% жеңілдік беріледі;
  2. Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
    Киви кошелек арқылы төлем: 87056669955
    Кез келген төлем-терминалдары немесе “Қазпошта” мен банктер арқылы Билайн номерге (87056669955) бірлік салып төлем жасау

Сұранысқа арналған  кестесі:

ФИО Сыныбы Мектебі Байқау аты Жетекшісі Жетекшісінің ұялы телефоны
1. Азаматов Азамат 1 а №36 ЖББОМ   Азаматов Азамат  

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *