Ақпан айы бойынша байқау қорытындысы

Ақпан айы бойынша байқау қорытындысы

Құрметті ұстардар мен оқушылар! Өздеріңізге мәлім болғанындай, біз 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жариялаған кезекті байқауымызды Республикалық «Ұлан» балалар басылымымен бірлесіп ұсынған болатынбыз. Осыған орай, байқау қорытындысы негізінде арнайы мамандардан құралған алқа мүшелері ең үздік деп таныған жұмыстардың авторларын шын жүректен құттықтай отырып үздіктер тізімін жеке жариялаймыз. Олар:

«Ана – өмір, ана – бақ» тақырыбында жазылған эссе бойынша

Аты-жөні Сыныбы Мектебі Жетекшісі
1 Жұлдызай Қайтан 3 «Б» Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев орта мектебі А.К. Каримбаева
2 Ұлағат Еркінов 2 Т.Көбдіков атындағы жадпы білім беретін орта мектеп Маширбаева Гулманат
3 Арман Арлан 1 «В» Қарағанды қаласы, №102 мектеп гимназиясы Сапарғалиева Назым
4 Әсел Ергеш 6 «А» Шымкент қаласы, № 26 Ж. Жабаев мектеп-гимназиясы Акжан  Гумар
5 Бекжан Жұмабай 4 «А» Мардан Байділдаев атындағы № 232 орта мектеп Жақсылықова Карима
6 Мансұр Серікқали 2 «Д» Орал қаласы, №42 «Ақниет» гимназиясы Нигметова Бибігүл
7 Айшагүл Торғайбай 9 «А» А.Құнанбаев атындағы №6 ЖББОМ Шамшина Гүлнар

«Ана – өмір, ана – бақ» тақырыбында жазылған өлең бойынша

Аты-жөні Сыныбы Мектебі Жетекшісі
1 Шыңғыс Асығатұлы 5 «А» Ы.Алтынсарин ат. дар.бал.арн.об.қазақ гимназия-инт. Ахметова Гүлзина
2 Бисұлтан Байсарұлы 2 «А» А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп Жұмабаева Гүлзар
3 Болатбек Дәулет 3 №60 Ж.Түменбаев атындағы о/м Ермекбаева Жауқасын
4 Жібек Досымова 8 «Ғ» Орал қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №10 мектеп Азаматова Сайран
5 Мөлдір Қайратқызы 3 «Б» Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев орта мектебі А.К. Каримбаева
6 Ақтілек Абибулла 7 «Ә» Бірлік ауылы №55 орта мектеп Абсаттарова Гаухар
7 Нұртас Кубенов 2 «Б» Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп Маликова Шолпан
8 Айсәуле Сарбай 11 «Б» Покров орта мектебі Унгутбаева Салтанат
9 Дарина Сүлейменова 3 Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі Нуртазина Батен
10 Алмас Таер 7 «В» А.Құнанбаев атындағы №6 ЖББОМ Шамшина Гүлнар
11 Инабат Тілеубек 1 «Т.Көбдіков атындағы жадпы білім беретін орта мектеп» Сағымбекова Бақытгүл
12 Қарақат Тұрсынбаева 4 «Ә» «№29 С.Сейфуллин жалпы орта мектебі Хусайынова Қуттыкыз

Байқау ережесіне сай, үздік жұмыстар наурыз айының 13-жұлдызы күні «Ұлан» газетінде жарық көретін болады.

 

Қатысушылар мен жүлделі орындарға ие болған оқушылардың марапат материалдарын жүктеп алу сілтемесі

https://cloud.mail.ru/public/J6fZ/ajkRd5U5x

Байқау қорытындысы жаңа нұсқасы

Төменде аталған басылымның Бас директорының орынбасары, белгілі журналист Жұлдыз ӘБДІЛДА ханыммен болған шағын сұхбатымызды ұсынамыз.

Портал редакторы:     — www.iQcenter.kz интелектуалды білім порталымен бірлесіп өткізіп отырған шығармашылық бағыттағы республикалық оқушылар байқауы туралы не айтасыз?

Ж.Ә.: — Кез келген байқау, сайыс, жарыс баланы шыңдайды. Оларға жауапкершілік жүктейді. Әрі мұндайда бәсеке де болады. Еліміздің түкпір-түкпірінен балалардың осындай байқауға қатысып жатқаны қуантады. Қазір қит етсе «балалар оқымайды», «балалар газет-журналдың бетін ашпайды» деп айтатындар көп. Ал балалар оқу үшін оларға жөн сілтеп, жол көрсету керек. Қабілетсіз бала болмайды. Кез келген бала шығарма жаза алады, кез келген баланың бұғып жатқан қабілет-қарымы болады. Соны аша білу керек. «iQcenter.kz» білім порталының осындай бастаманы қолға алғанына қуаныштымыз. Болашақта мұндай сайыстар кеңейіп, балаларды ізденуге, білімпаздыққа тәрбиелеп жатса, нұр үстіне нұр.

Портал редакторы:     — Бұл жоба мұғалімдер мен оқушыларға не береді деп ойлайсыз?

Ж.Ә.: — Балалар мұндай байқауларға қатыса жүріп ашылады. Ойын еркін жеткізетін болады. Өздерінің ой-пікірі қалыптасады. Тіл ұстартуға да таптырмас тәсіл. Ізденіп, келесі жолы бұдан да зор нәтижеге жетуді көздейді. Бұл баланы жауапкершілікке тәрбиелейді. Ал өзі үшін жауап бере алатын, тыңғылықты да тиянақты оқушы мұғалім үшін әрдайым олжа. Мұғалімдерге тәжірибе екені өз алдына. Мұғалім мен шәкірттің арасын жақындататынын қосыңыз. Жалпы, мұндай байқаулар мұғалімді де, баланы да еркіндікке, шығармашылыққа тәрбиелейді.

Портал редакторы:     — Бірлескен бұл жоба келешекте тағы қай қырынан белең алуы мүмкін?

Ж.Ә.: — Келешекте байқаудың ауқымын кеңейтеміз деп оырмыз. Түрлі бірлескен жобаларды қолға алуға болады. Бәлкім біздің арамызда өнертапқыш балалар отырған шығар, небір таланттар бұғып жатқан шығар. Балалардың ақын-жазушы не журналист болуы шарт емес, кез келген мамандық иесі, соның ішінде инженер де, программист те ойын анық әрі дәл жеткізе алуы маңызды. Нақты сөйлеу, ойдың негізгі түйінін айту, аудиториямен жұмыс істей білу қай салада да керек. Болашақта балаларға арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылса, тіптен жақсы. Әсіресе, жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйретсе, осы бағытта сабақтар болса, пайдалы болар еді.

Портал редакторы:     — Рақмет!

Байқау қорытындысы:

Алтын дауыс

Ана — өмір, ана — бақ

Шебер қалам


Ақпан айының 19-ы мен наурыз айының 5-і аралығында өткен «Ана — өмір, ана — бақ» тақырыбына эссе жазып, өлең шығару номинациялары мен еркін тақырыптағы «Шебер қалам», «Алтын дауыс» номинацияларының қорытынды тізімін жариялаймыз.
Дипломдар мен арнайы сертификаттарды 07-18-наурыз аралығында жұмыстар жолданған электронды пошталарға жолдайтынымызды ескертеміз. Назарларыңызға рақмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *