Ақпан айына берілген оқушылар байқауы

Ақпан айына берілген оқушылар байқауы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Ұйымдастырушылар: «IQ — Интеллектуалды білім порталы» және Республикалық «ҰЛАН» газеті мен «Балдырған» журналы

Қатысушылар: Мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары;

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 19.02.2018ж — 05.03.2018ж

Қорытынды уақыты: 07.03.2018 жыл.

Байқау мақсаттары:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау ой-өрісін дамыту, ізденістерін арттыру, кәсібилікке баулу;

Өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік беру;

Қашықтан сынға түсу арқылы республика көлемінде өз бағын сынау, кәсіби мамандардың пікірін білу;

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу, шығармашылық орта қалыптастыру;

Электронды ақпарат алмасу арқылы уақыт үнемдеу, жаңа технология мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

БАЙҚАУ ТӨМЕНДЕГІ ТӘРТІППЕН ӨТЕДІ:

  • Байқауға қатысушылардан 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ орай «АНА – ӨМІР, АНА – БАҚ» тақырыбында ЭССЕ жазу және ӨЛЕҢ шығару номинацияларына жұмыстар қабылдаймыз.

ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Байқауға жіберілетін материалда тақырып ашылуы тиіс;
  2. Эссенің көркемдік деңгейіне, сауатты жазылуына баса назар аударылады;
  3. Эссе машинкалық бетпен 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;
  4. Эсседе міндетті түрде нақты мысал, өмірден алынған оқиға болуы керек. Қанатты сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді орынды-орынсыз пайдалана берудің қажеті жоқ. Мейлінше қарапайым, түсінікті, қызықты жазылғаны жөн;
  5. Эссеге міндетті түрде тақырып қойылуы тиіс;
  6. Соңына оқушының аты-жөні, мектебі, сыныбы және мекенжайы көрсетілуі тиіс (Мысалы: байқау шартындағы кестедегідей);
  7. Интернеттен, кітаптан, ашық ақпарат көздерінен көшіріп алуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

ӨЛЕҢ ШЫҒАРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Байқауға жіберілетін өлең тақырыпқа сай болуы тиіс;
  2. Өлең 3-4 шумақ болуы шарт;
  3. Өлеңнің көркемдік деңгейіне, ұйқасына баса назар аударылады;
  4. Жаттанды, жеңіл ұйқастардан гөрі ерекше жыр жолдары болғаны ескеріледі;
  5. Өлең мейлінше оқиғалы болғаны жөн;
  6. Оқушы туралы мәлімет толық болуы тиіс(Мысалы: байқау шартындағы кестедегідей);
  7. Интернеттен, кітаптан, ашық ақпарат көздерінен, басқа авторлардың өлеңінен көшіріп алуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Байқауға келген материалдарды портал қызметкерлері және республикалық «Ұлан» газеті мен «Балдырған» журналының мамандары қарап, ең үздік жұмыстардың газет-журнал бетінде жарияланатынын ескертеміз.

  • Еркін тақырыпта МӘНЕРЛЕП ОҚУ бойынша өтетін «АЛТЫН ДАУЫС» байқауының ТАЛАПТАРЫ:
  1. Кез-келген ақынның туындысын таңдап, өлеңнің мағынасына терең бойлай білу қажет;
  2. Оқылатын өлең 4-5 шумақтан аспауы тиіс;
  3. Оқушының өлеңді жеткізе білуіне, әрі өлең буындарына екпінді дұрыс қоя білуіне мән беріледі;
  4. Өзін-өзі ұстауы, әртістік қабілеті, дауыс ерекшеліктері ескеріледі;
  5. Смартфонға видеоға түсіріліп, ұйымдастырушының электронды поштасына жіберу қажет;
  6. Оқушы туралы мәлімет толық болуы тиіс(Мысалы: байқау шартындағы кестедегідей);

 

  • Еркін тақырыпта СУРЕТ САЛУ бойынша өтетін «ШЕБЕР ҚАЛАМ» байқауының ТАЛАПТАРЫ:
  1. Тек сурет салуға арналған арнайы қазғаз бен қаламдарды (түрлі-түсті қарындаштар) қолдану;
  2. Қолданылатын қағаз көлемі А4 көлемінен аспауы тиіс;
  3. Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады;
  4. Оқушы туралы мәлімет толық болуы тиіс(Мысалы: байқау шартындағы кестедегідей);

Байқауға келіп түскен жұмыстарды бағалау комиссиясының құрамы:

Жұлдыз Әбділда, «Жас өркен» ЖШС бас директорының орынбасары;

Жадыра Нармаханова, «Ұлан» газетінің бас редакторы;

Гүлфарида Зейнуллина, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары;

Таңшолпан Төлеген, «Ұлан» газетінің тілшісі;

Бағдат Мәжитов, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары;

Құл-Керім Елемес, «Балдырған» журналының қызметкері, ақын;

Асылан Тілеген, «Ұлан» газетінің веб редакторы, ақын;

Еркебұлан Нүсіпжанов, суретші-маман.

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Қатысушылар байқау жұмыстарымен қоса жарна төлеуге міндетті. Бір қатысушы бір байқау үшін 500 (бес жүз) теңге көлемінде төлем жасауы шарт.
  2. Қатысушылар өз жұмыстарын жарна төленген түбіртектің көшірмесімен бірге белгіленген күннен кешіктірмей iQcenterkz@mail.ru почтасына жіберуі қажет.
  1. Байқауға жұмыстар jpgdoc және mp4 форматында жолдануы тиіс.
  2. Байқауға қатысушылар төмендегі кестені толтырып жіберуі міндетті
  3. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!

 

ФИО Сыныбы Мектебі Байқау аты Жетекшісі Жетекшісінің ұялы телефоны
1. Азаматов Азамат 1 а Алматы қаласы, №36 ЖББОМ Көркем жазу Азаматов Азамат Азаматұлы
2.

 

Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындар мен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғысхаттар беріледі. Әрбір орын алған қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.

Алғысхаттар мен дипломдар 7 күн ішінде электронды түрде беріледі.

Қосымша:

IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталы ұйымдастырушы мұғалімдер арасында сайыс өткізеді:

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы мұғалімге сыйлық беріледі.

Үздік 3 мұғалімнің тізімі IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталында жарияланады.

1 орын бойынша  —  Ноутбук

2 орын бойынша — Смартфон

3 орын бойынша — Планшет

Қосымша сауалдар үшін: 
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
Киви кошелек арқылы төлем:  87056669955
Билайн абоненттік номеріне (87056669955) бірлік салу арқылы төлем жасау

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып iQcenterkz@mail.ru почтасына жолдауы керектігін қайта ескертеміз.

2 комментария

  1. Сурет салып жатырғанында видеоға түсіріп отырамызба

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *