Қаңтар айына ұйымдастырылған шығармашылық байқау ережесі (7 тақырып)

Қаңтар айына ұйымдастырылған шығармашылық байқау ережесі (7 тақырып)

Республикалық оқушылар байқауы
Қатысушылар: Мектепалды даярлық сыныбы, 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері
Ұйымдастырушы:  IQ — Интеллектуалды білім порталы

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 08.01.2018ж — 26.01.2018ж

Қорытынды уақыты: 02.02.2018 жыл.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлышыныстарын арттыру;
  • Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;
  • Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік;
  • Қатысушылардың басқа өңірлерге бармай-ақ, өзге жақтың оқушылармен бірге жарысқа түсуі;

 

Тапсырма: Байқауға қатысушы оқушылар төмендегі байқаулар бойынша сынға түседі.

  1. Қыс қызығы(Шығарма, эссе, өлең, сурет)
  2. Жыр жауқазыны(Мәнерлеп оқу — еркін тақырып)
  3. Ғажайып сурет әлемі(сурет салу — еркін тақырып.

Қолданылатын материалдар: А4, А3 парағы,  акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.)

  1. Әке — асқар тау(Шығарма, эссе, өлең, сурет)
  2. Мен құрастырған ертегі(ертегі құрастыру)
  3. Көркем жазу

(Абай Құнанбаев — «Қыс» өлеңін көшіріп жазу. Қолданылатын материалдар: А4 парағы, қаламсап (ручка))

  1. Арман керек адамға (Шығарма, эссе, өлең)

 

Байқауға қатысушы тақырып бойынша эссе, шығарма, өлең, суреттің бірін жолдайды. Эссе, шығарма, өлеңнің бірін  word форматында жазып, суретті қылқаламмен А4 форматына салып, сканерлеп жолдайды. «Жыр жауқазыны» байқауына қатысушы өзінің сүйікті шығармасын оқып, оны видеоға түсіріп жолдайды.

 

Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:

  1. Қатысушылардың барлығы байқауға қатысу үшін жарна төлеуге міндетті. Бір байқауға бір қатысушы үшін  500 теңге төлем жасалуы шарт.
  2. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса iQcenterkz@mail.ru почтасына жіберуге тиісті.
  1. Байқауға жұмыстар jpg және doc форматында жолдануы қажет.
  2. Байқауға қатысушылар төмендегі кестені толтырып жіберуі міндетті
  3. Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!

 

ФИО Сыныбы Мектебі Байқау аты Жетекшісі Жетекшісінің эл.почтасы
1. Азаматов Азамат 1 а №36 ЖББОМ Көркем жазу Азаматов Азамат Азаматұлы Вашапочта@mail.ru
2.

 

Бағалау:

  • Ойдың жүйелі және шынайылығы, сапалы болуы, Түстердің жарасымды қолдану, бейне, композициясы
  • Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты үш жүйеде жүргізіледі. 1-4 сынып оқушылары, 5-8 сынып оқушылары, 9-11 сынып оқушылары бір бөлек бағаланады.

Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір орын алған қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.  Үздік жұмыстар IQ — Интеллектуалды білім порталында жарияланады және Алғыс хаттар мен дипломдар 10 күн ішінде  электронды түрде беріледі.

 

Қосымша:

IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталы ұйымдастырушы мұғалімдер арасында сайыс өткізеді:

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы мұғалімге сыйлық беріледі. Үздік 3 мұғалімнің тізімі IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталында жарияланады.

1 орын бойынша  —  Ноутбук

2 орын бойынша — Смартфон

3 орын бойынша — Планшет

Қосымша сауалдар үшін: 
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:
Киви кошелек арқылы төлем:  87052018127
Билайн номерге (87052018127) бірлік салу арқылы төлем жасау

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып iQcenterkz@mail.ru почтасына жолдауы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *