IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталы жетекші мұғалімдер арасында сайыс өткізеді:
IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталы ай сайын ұйымдастыратын шығармашылық байқауларға қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3 жетекші мұғалімге сыйлық беріледі.
Үздік 3 мұғалімнің тізімі әр байқаудың қорытындысымен бірге IQcenter.kz — интеллектуалды білім порталында жарияланады.
1 орын бойынша — Ноутбук
2 орын бойынша — Смартфон
3 орын бойынша — Планшет
Қыркүйек-қазан айларында өткен байқауларға оқушы қатыстырған үздік 3 мұғалім
1 орын: Күзбаева Назипа — 72 оқушы қатыстырған;
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шубарсу ауылы «Ынтымак» жалпы орта мектебі
2 орын: Сұраган Айша — 32 оқушы қатыстырған;
Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
3 орын: Досынбаева Жулдыз Алтаевна — 32 оқушы қатыстырған;
Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ
Қараша-желтоқсан айында өткен байқауға шәкірттерін белсенді қатыстырған үздік 3 мұғалім:
1 орын: Қарағанды облысы Шет ауданының білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Асылбекова Жанар Мухаммедовна — 116 оқушы (ноутбук)
2 орын: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы білім бөлімі «Қайнар» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Мамыртаева Дана Умирзаковна — 89 оқушы (планшет)
2 орын: Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Кәусар» гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі Джамалбекова Қамар — 89 оқушы (планшет)
3 орын: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті №80 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қазиева Венера Бахытжанқызы — 72 оқушы (планшет)
Қаңтар айында өткен байқауға шәкірттерін белсенді қатыстырған үздік 3 мұғалім:
1 орын: М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің қосымша білім беру педагогі Нұрсейтова Ғалия Ураковна — 166 оқушы (ноутбук)
1 орын: Арал қаласы № 260 орта мектебінің мұғалімі Нүргул Темірханқызы — 166 оқушы (ноутбук)
2 орын: Астана қаласы, №74 мектеп гимназиясының мұғалімі Мусаева Патима Абдихановна — 135 оқушы (планшет)
3 орын: Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Хасанова Ардақ — 104 оқушы (смартфон)
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.