Республикалық дарынды оқушыларға арналған шығармашылық байқауларға жұмыстар қабылданады

Республикалық дарынды оқушыларға арналған шығармашылық байқауларға жұмыстар қабылданады

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары

Ұйымдастырушы:  IQ – Интеллектуалды білім порталы

 

Байқау аты мен түрлері:

  1. «Сырлы сурет»– қарындашпен салынған суреттер мен түрлі бояулармен салынған қылқалам туындалары пейзаж, натюрморт). (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «А. Байтұрсыновқа 145 жыл» − шығармалар, эсселер. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Соңғы оқыған кітабым (шығармам, хиқаятым)» – шығармалар, эсселер. (5-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Ақпан. 1989. «Невада — Семей» антиядролық қозғалыстың құрылуы»– швғармалар, эсселер, рефераттар, ғылыми зерттеулер. (5-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Көктем − жаңа өмірдің бастауы» –шығарма, эссе, өлеңдер, сурет. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Алғыс айта білесің бе?» 1-наурыз алғыс айту күні. Осыған орай шығармалар, эсселер, өлеңдер қабылданады. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Анамның күлкісі» атты 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамына орай өткізілетін байқау – шығарма, эссе, өлең, сурет, құттықтау тілектері, реферат. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 5 наурыз аралығы

  1. «Көрісу күні» − амал мерекесі туралы рефераттар, ғылыми зерттеулер, эсселер. (5-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 24 ақпан аралығы

  1. «Армысың, Әз Наурыз» − шығармалар, эсселер, суреттер, өлеңдер. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10 ақпан — 15 наурыз аралығы

  1. «Мәнерлеп оқу»Байқауға қатысушы өзінің сүйікті шығармасын оқып, оны видеоға түсіріп жолдайды. (1-11 сынып аралындағы оқушылар)

Жұмыстарды қабылдау уақыты:   28 ақпанға дейін.

 Барлық байқаудың қорытындысы жұмыстар қабылданып болғаннан кейін 1 аптадан соң жарияланады.

 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Қатысушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау;

Шығарманың идеясы мен образын жеткізе білу;

Автордың ойын толық жеткізе алу;

Сурет салу шеберлігін дамыту және ептілікке баулу.

Ырғақты интонациямен оқу, эмоционалды жеткізе білу.

 Тапсырма:

Байқауға қатысушы тақырып бойынша эссе, шығарма, өлең, суреттің бірін жолдайды. Эссе, шығама, өлеңнің бірін  word форматында жазып, суретті қылқаламмен А4 форматына салып, сканерлеп жолдайды. «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысушы видеосын (mp4, avi, mkv нұсқаларында) жіберуге міндетті

Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, төменде көрсетілген кестені толтырып жіберу қажет.  Егер бір сыныптан бірнеше оқушы қатысатын болса, арнайы тізім жасап төмендегі кесте, жұмыстарын бір құжатпен жолдауы тиіс.

Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:

Қатысушылардың барлығы байқауға қатысу үшін жарна төлеуге міндетті . Бір қатысушыдан бір байқауға тек қана бір жұмыс қабылданады, бірнеше байқауға қатысатын болса әр байқаудың жарнасын төлейді. Қатысу құны  500 теңге.

Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса 2018127@mail.ru почтасына жіберуге тиісті.

Бағалау:

Сөз саптауы, сөздік қорын пайдалану;

Суретте түстердің үйлесімділігі мен ой ұшқырлығы

Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты үш жүйеде жүргізіледі. 1-4 сынып, 5-8 сынып және 9-11 сынып оқушыларының жұмыстары байқаудың тақырыбы бойынша бөлек бағаланады. Мысалы, Көктем — жаңа өмірдің бастауы  — эссе; шығарма; өлең; суреттің бірін жолдағанмен байқау түрі бойынша бөлек бағаланады.

Қорытынды:

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Орын алған оқушылар жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.  Алғыс хаттар мен дипломдар 10 күн ішінде IQ Интеллектуалды білім порталына салынады.

Қосымша сауалдар үшін:

Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттері:

Киви кошелек арқылы төлем:  87052018127

Билайн номерге (87052018127) бірлік салу арқылы төлем жасау

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып 2018127@mail.ru  почтасына жолдауы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *