Қайратқызы Жұлдызай — Отан-отбасынан басталады.(Эссе)

Қайратқызы Жұлдызай — Отан-отбасынан басталады.(Эссе)

Отан-отбасынан басталады.

Біздің отбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында қоныстанған. Руымыз Ұлы жүз Ысты. Менің атын – Жұлдызай. Әкем -Қайрат. Анам-Әлия. Осы ата-анам төрт баланы тәрбиелеп өсіріп жатыр.

Отбасы – сен өмір есігін ашқанда сені алғаш көрген жандар, сенің өміріңде қандай да болмасын жағдай болса сенімен қуанып, сенімен мұңайатын жандар. Отбасында сені қоршаған адамдар сенің келешектегі тағдырыңмен тікелей байланысты. Кез келген жан өзінің кішкене болсын отбасы болғанын қалайды. Себебі, әр адам өз отбасында өзін бақытты, керекті, көңілді және сенімді сезінеді.

Менің отбасым үлкен. Олай айту себебім, менің тәрбиемді қадағалап, ертегілер мен аңыз әңгімелерді айтып отыратын атам мен әжем бар, маған қамқор болатын анам мен әкем де бар. Менің оқуыма көмектесіп менімен сырласатын аға, әпкелерім бар. Менімен ойнап, мені жақсы көретін кішкентай іні-сіңілім де бар. Міне, менің үлкен отбасым деп отырғаным осы асыл жандар. Олар мен қандай болмасын мені жақсы көріп қателігім болса түзеп отыратын адамдар. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, сен болашақта қандай азамат болсаң да ол сенің отбасыңның арқасы.

Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. « Дәстүрге арқа сүйемегеннің, көсегесі көгермейді» деген атамыз.

Жанұя – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

Бақытты отбасы болу үшін ең алдымен отбасында сенімділік, кешірімділік, мейірімділік болу керек деп есептеймін. Отбасындағы адамдар бірін-бірі түсініп қолдайтын болса онда ол мықты, берік отбасы болары анық. Ал нығыз мықты отбасы мемлекетіміздің тірегі. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

Оңтүстік Қазақстан облысы. Кентау қаласы.

Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп

Қайратқызы Жұлдызай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *