Ырысбай Елжан Қанатұлы — Мен және менің отбасым. (эссе)

Ырысбай Елжан Қанатұлы — Мен және менің отбасым. (эссе)

 

Мен және менің отбасым.

Мен, Ырысбай Елжан Қанатұлы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 2009 ж. 12 маусымда дүниеге келдім. Руым Қоңырат. Мен сіздергі өзімнің отбасым жайында әңгімелеп беремін.

Менің отбасым жеті адамнан тұрады. Ең бірінші Асқар таудай әкем Қанат-жеке кәсіпкер. Асыл анашым Қаламқас- бала бақшада тәрбиеші. Менің екі әпкем және екі қарындасым бар. Үлкен әпкем Әмина ол алтыншы сыныпта оқиды, сурет салу үйірмесіне қатысады. Екінші әпкем Хадиша 5 сыныпта оқиды, ол домбыра үйірмесіне қатысады. Екі әпкем менің үнемі сабағыма көмектеседі, қиын тапсырмаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Олар мектепте өте үлгілі құрмет тақтасында суреттері ілініп тұр. Қарындастарым Сумая мен Сафия жақында дүниеге келді. Олар егіз, сүп-сүйкімді. Оларды қатты жақсы көремін. Сабақтан асығып үйге келемін де, оларды иіскеп беттерінен сүйіп еркелетемін. Мен өскенде оларға қамқор боламын. Мен екінші сыныпта оқимын, тәуелсіз елде дүниеге келіп, өмір сүріп жатқаным үшін бақыттымын. Үйге келгенде қарындастарыма қарап анама қолғабыс боламын. Ата-анамның мақтанышымын. Біздің сабағамызды, тәрбиемізді ата-анам қадағалап отырады. Менің өз атам мен әжем қазір бұл дүниеде жоқ. Біз ол кісілерді өте қатты жақсы көреміз. Бірақ біз оларды үнемі сағынып еске алып, құран бағыштап отырамыз. Бірақ, нағашы ата мен әжем бар. Мен оларды да қатты жақсы көремін. Демалыста барып тұрамын. Атам маған көп ақыл айтады, мен атамды тыңдап айтқан ақылымен жүріп келемін. Мен сабақты жақсы оқимын. Біздің отбасымыздың ұраны бар «Бәріміз біріміз үшін, тек алға». Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай үлкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым қалаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысы. Кентау қаласы.

Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп

Ырысбай Елжан Қанатұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *