Чахалова Камила — Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл (өлең)

Чахалова Камила — Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл (өлең)

Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл

 

Мақтанамын елім бар деп-егемен,

Мақтанамын жерім бар деп-береген.

Мақтанамын қазақ деген халқыммен,

Болашағын болжай білген-көреген.

 

Көшбастаушы нар тұлғалы-Елбасы,

Біз жастармыз сол тұлғаның жалғасы.

Шапағат пен шуақ шашқан халқына

Мықты болсын қазақтың — кең даласы!

 

Жастар үшін берері көп білімнің,

Білім-бақыт, білім байлық ұғындым.

Сол білімді сіңіртетін бойыма

Мәртебесі биік болсын қазақ тілінің!

 

Өрге басты өміріміз жылма-жыл,

Бой көтерді жаңа Астана төгіп нұр.

Бибіт елдің Тәуелсіздік жалауы

Желбіреп тұр, аспанымда, 25 жыл!

 

Әрқашан да  достық біздің салтымыз,

Тату-тәтті көп ұлытты халқымыз.

Береке де , мереке де бар бізде

Шығады әлі жер-жаҺанға даңқымыз!

 

Алматы облысы,  Қарасай   ауданы,  Қаскелең қаласы

 А.С.Пушкин   атындағы  орта  мектептің

(орыс сыныбындағы)8-сынып оқушысы   Чахалова Камила

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *