Сайдулаева Санам — Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл (өлең)

Сайдулаева Санам — Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл (өлең)

Тұғырлы тәуелсіздікке-25 жыл

 Бақыттымын, Тұғырлы тәуелсіз елде туылдым,

Өлеңге құмар, өмірге іңкәр қызыңмын.

Ұлы даласы- ерліктің көмбе, қоймасы,

Қазақстан  жырлауға бүгін жүгіндім.

 

Жаһандану дәуірі құрдасымын,

Өсиетін оқимын Елбасымның.

Болашағым-жасампаз, жарқын менің,

Өйткені «Мәңгілік Ел» жалғасымын.

 

Мәңгілік Ел –аяулы тұрағымыз,

Біз Елбасының сентін құрағымыз.

Татулық пен бірліктің бесігінде,

Тербелген алаңсыз Жас ұланымыз.

 

Астанам бар еркелеген Есілге,

Кемеңгері  Елбасым бар төрінде.

Мақтан тұтам ынтымақты елімді,

25 жыл, еңсесі тік, азат ғұмыр кешуде.

 

Елім менің нәр аламын, нұрланам,

Нұрланғанда балғын жүрек тулаған.

Елбасына бас иемін мәңгілік,

Бізге осындай тыныш өмір сыйлаған!

 

Бақыттымыз, бақыттың мәні тереңде,

Сезімім толық көрініс таппас өлеңде.

Мендегі тілек, мендегі арман тек біреу-

Көк туымыз желбіресін мәңгіге!

 

Елім азат, еңсе тіктеп келемін,

Кедергілер кездессе егер жеңемін.

Армандарым айналады шындыққа,

Жарқын өмір, болашаққа сенемін!

 

Мен-бүлдіршін, әлі таудай талабым,

Ең бастысы, тыныш болсын заманым.

Төрткүл дүние таңдай қағып тамсанар,

Әлі менің гүлденеді заманым.

Алматы облысы,  Қарасай   ауданы,  Қаскелең қаласы

 А.С.Пушкин   атындағы  орта  мектептің

(орыс сыныбындағы) 6-сынып оқушысы   Сайдулаева Санам

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *