Аяпова Нұрай — Мен президент болсам… (эссе)

Аяпова Нұрай — Мен президент болсам… (эссе)

Мен  президент болсам

          Әрбір балада үлкен арман болары анық.Меніңде арманым мен мақсатым-ел басшысы болу.Мен өзімнің ел басымды мақтан тұта отырып,сол кісіденүлгі аламын.Себебі,біздің президент өте ақылды,парасатты,жан-жақтылы басшы.Ол адамды сегіз қырлы бір сырлы деуге болады.

Мен Қазақстанды жақсы көремін! Қазақстан менің туған жерім, ата-анамның махаббаты және достарымның мақтанышы. Мен президент болсам біздің ұлы және тәуелсіздік еліміз үшін бәрін жасайтын едім.  Еліміздің өте әдемі, дамыған, бай, тыныш болғанын қалаймын.  Біздің көп ұлтты еліміздамуы тиіс және бұл үшін мен көптеген жаңа әдемі зәулім  ғимараттар, қалалық жәнеауылдық жерлердегі мектептер мен бала бақшалар санын көбейтіп жағдайларын жақсартып, шет жерлердегі ауылдардың қарапайым халқының тұрмыстық жағдайларына көп көңіл болер едім. Өйткені демалысқа шыққан уақыттармызда ауылдағы атам, әжеме барғанда әліде ауылдықжерлердегі тұрмыстың нашарлығы байқалады. Судың , жарықтың сағаттап болмауы, отын жарып, алыстан су тасу жағдайларын көргенде менің ойыма бірінші «Егерде мен президент болсам қарапайым ауыл халқымен жақын араласып,ауыл халқының жағдайынан бастап жақсартар едім», деген ой келеді. Ауылдармызды ертегідей таңғажайып жемісті баққа айналдырып, тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсаруына үлесімді қосамын.

Біздің еліміздің балалары –бұл біздің болашағымыз!Біздің  ел басымыз Н.Ә.Назарбаев халықтың жағдайынжақсартуда еліміздің дамығанелдер қатарына қосылуына көп куш жұмсауда. Әрине мен қуаныштымын, өйткені біздің еліміз болашаққа дамып барады.Сондай-ақ Елбасы әрқашанда елдің  жағдайын ойлап халықпен тығыз байланыста болып келеді. Бірақта әр заманның өз талабы бар. Сол себепті, қазіргі уақыттың жастары болашақ халқының қорғаны ретінде біз осы уақыттан бастап ел қамын ойлап білімді де білікті болып өсу біздің міндетіміз. Сол үшін мен осы кезден бастап сабағымды жақсы оқып, білімімді жан жақты жоғарылатып еліміздің болашағы үшін еңбек ететін, әрқашанда халқымның жағдайын түсініп , қадағалапотыратын президент болуға талпынамын. Осы мақсат , армандарымның орындалатынына сенемін!

Алматы облысы,  Қарасай   ауданы,  Қаскелең қаласы

 А.С.Пушкин   атындағы  орта  мектептің

(орыс сыныбындағы)7-сынып оқушысы   Аяпова Нұрай

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *