Нұрмолда Әсем Мұхтарқызы — Мен және менің отбасым (эссе)

Нұрмолда Әсем Мұхтарқызы — Мен және менің отбасым (эссе)

Мен және менің отбасым

 Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған –туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. «Отан- отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю — отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы адам. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Ата-асқар тау,
Ана-бауырдағы бұлақ.
Бала-жағасындағы құрақ»-дегендей, отбасы-адам баласының алтын діңгегі.

«Әке- асқар тау»- деп қазақ атам бекер айтпаған. Мен өз әкемнің мақтанышымын. Ол-мен үшін өмірдегі ең қымбат жанның бірі. Менің тірегім. Әке- ұрпақтың панасы, үйдің басшысы әрі тірегі. Ол- тек бір отбасының ғана емес,ауылдық, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, сол мақтаныш болмақ.Сондықтан да әкенің ақылымен жүру ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа әкеледі. «Әкеге бағыну Аллаға бағыну»- депті Мұхаммед пайғамбарымыз(с.а.с). Демек, әкені ренжітпей оның айтқанын үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы. Әке мейірімі берген тәлім-тәрбиесі қыз балаға үлкен әсер ететіні сөзсіз. Алайда әкенің мейірімі ішкі жан –дүниесінен сыртқа ағытылып асып- тасып жатпайды.

Менің әкем —  Баймырзаев Мұхтар Нұрмолдаұлы 1986 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында орта мектепті үздік бітіріп, әскери борышын Қиыр Шығыста атқарған.1989-1994 ж.ж Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік  Ұлттық Университетінде білім алып, тарихшы-ұстаз мамандығын алып шықты.Еңбек жолын ауылдағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін Алматы қаласындағы №157, №133 мектептерде де жемісті еңбек етті. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы №7 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында қызмет істейді. Менің әкем білімді, талантты, ақкөңіл, балажан, мейірімді адам, балаларының ішінде мені ерекше жақсы көреді. Әкем маған өз мейірімін, көмегін аямайды. Еңбекқор болуға, намысты болуға тәрбиелей отырып, өзінің ұстаздық жолында қажырлы еңбек етуде.

Әкемді мақтан тұтамын! Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш.Әке тәрбиесін көрген адамның өмірге деген көз қарасы, сана сезімі жоғары дамиды. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ғой.Сондықтан әкемнің арманы, қажырлы еңбегі, өміріме бағыт, санама нұр боп құйылады. «Әке көрген — оқ жонар, шеше көрген-тон пішер » дегендей, бүгінгі таңда ұлтжанды, өз Отанын өз халқын сүйетін әрбір қазақ халқының ұрпағы өз тілін, дінін құрметтейтін нағыз қазақ болып өсуі тиіс!
М.Дулатов атындағы
№136 мектеп-гимназиясының
10 «Б» сынып оқушысы
Нұрмолда Әсем Мұхтарқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *