Менің алғашқы Президентім — Жакуп Ернат (Зерттеу жұмысы)

Менің алғашқы Президентім — Жакуп Ернат (Зерттеу жұмысы)

Менің алғашқы Президентім

  1. Елбасының балалық шағы, өмірі
  2. Елбасы жеткен еңбек жол

 Елбасының балалық шағы, өмірі

Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында, қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қояды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналады. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдіреді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын»,-дейді. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі — Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін болған.

Ал анасы — Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген.

Нұрсұлтанның жасөспірім шағы тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқиды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын болады.

Елбасымыздың зайыбы — Сара Алпысқызы Назарбаева. Қыздары: Дариға Нұрсұлтанқызы, үлкен қызы. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы, ортаншы қызы. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы, кіші қызы.

  1. Елбасы жеткен еңбек жол

Елбасының өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы болып  тағайындалуы болды.

Елбасымыз тек партиялық жұмыстармен ғана емес, өндіріспен, өнім шығару жоспарымен, жөндеу және құрылыс мәселелерімен, кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени және отбасылық істерімен де айналысуға тура келді.

Басшы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі жоғары болу себебі, ең алдымен, оның жұмысшылар қатарынан, ең төменгі буыннан көтерілгендігін байқауға болады. 1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалады. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда  жас екендігіне қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың  Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып  сайланды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті болды. Міне содан бері Қазақстан Республикасының Президенті болып келеді. Мен алғашқы Президентіме амандық тілеймін.

М.Дулатов атындағы
№136 мектеп-гимназияның
6 «а» сынып оқушысы   Жакуп Ернат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *