Бахыт Батырхан — Мен және менің отбасым

Бахыт Батырхан — Мен және менің отбасым

Мен және менің отбасым

Мен отбасымның ішінде орны ерекше адам туралы айтқым келеді. Ол адам – әкем. “Әкең барда орындалар арманың”,- дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бірАлла,екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар,сол тағдырдың басты себепкері-біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің “Балам,ботам” деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар.Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмаса да,”Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!”,- деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін.Тамағының тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы-осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы “Әкелер” аман болса екен деймін.

“Әке-асқар тау” деп бекер айтылмаған.Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек.Әкені ардақтау-әркімнің міндеті,себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. ”Әке көрген оқ жонар”. Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш-жігерді,батырлықты,батылдықты, қайсарлықты, білімділікті — барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің де түр-түрі болады, бірі ақылды,білімді болса, бірі жігерлі,қайратты,енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Барлық адамдар әкені құрметтеуі,қастерлеуі, аялауы керек. Сондықтан әкені ардақтау әділетті болады деп ойлаймын.

Өсірген баптап баласын,
Әкелер әркез “Жарайсың”.
Бар өнерін үйреткен,
Оздырған да жүйріктен,
Әке деген-ардақты ат.

Әке бізге әрқашан мейірімді,сабырлы.Алақанымен аялап,әрқашан шуағын шашып күлімдеп,жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын-осы әке. Әкеге біз жаман жағынан емес,жақсы жағынан көрініп, риза етуіміз керек. Міне төрт жылдан кейін мектеп біреміз.Сонда әкеміз “Міне біздің баламызмектеп бітірді,үлкен азамат болды,ертең үлкен мамандық иесі болады” деп айтады. Ал, ертең мектеп бітіргенде сауатсыз, әрі тәртіпсіз болып шықсаң,онда сенің ата-анаңның үмітін ақтамағандығың. Сен тәртіпсіз болсаң, “Оған әкесі тәртіп үйретпеген, өзі кішкентай кезінде тәртіпсіз болған” деп айтады. Сен сол арманын ақта. Мен әкемді жанымдай жақсы көремін. Әкем үшін жүрегімді жұлуға,өмірімді қиюға барамын,себебі ол мені өсірді. Менің әкелерге тілейтінім:

Қыстай суық денсаулық,
Жаздай ыстық маххабат,
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер!
Кішкене ардақты әке туралы мақал-мәтел:
Әке сөзі – оқ.
Әкесі бардың арысы бар.
Әке-асқар тау.
Әке көрген-оқ жонар.
Құрметті адамдар дана,  дара  әкелерімізді құрметтеп, қастерлейік!

М.Дулатов атындағы
№136 мектеп-гимназиясының
8”A” cынып оқушысы Бахыт Батырхан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *