Бақыт Нұрайым Қайратқызы — Тұғырлы тәуелсіздікке – 25 жыл! (эссе)

Бақыт Нұрайым Қайратқызы — Тұғырлы тәуелсіздікке – 25 жыл! (эссе)

 «Тұғырлы тәуелсіздікке – 25 жыл!»

«Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нәрсе бар. Егер сен басқаның бәрін ұмытып, осыны ұмытпасаң, алаңдауға себеп те болмас еді. Алайда өзге істің бәрін жадыңа ұстан әрі жүзеге асырған болсаң, бірақ ең бастысын ұмытып кетсең, бұл түк бітірмегенмен бара бар. Сен, бұл өмірге мақсатты тірліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің»-деген екен  Жалал ид-идин Румин.

Тәуелсіздік- біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасырлар бойы армандап жеттік. Бұл күн — Қазақстан тарихына тәуелсіз «Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Еліміздің сенім жүгін арқалап, өрге апарар басшысы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті — Н.Ә.Назарбаев сайланды.           Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимн болып бекітілді.

Тәуелсіз қазақ елінің Ақ Ордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол айшықты айғақтап тұр. Астана-тәуелсіздіктің тақ тұғыры.

Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл.

Көк туын желбіреткен тәуелсіз Қазақстан төрге озды. Әлем сүйсіне, риза болып қарайды. Әлбетте, біз, жас буын өмірге келгеннен бері, «Тәуелсіздік» сөзін құлағымызға сіңіріп, ерікті елдің болашағы болып өсіп келеміз.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республика халқына арналған жолдауы «Қазақстан-2050» еліміздің келешегінің дамуына жол салатын аса маңызды жоспары іске асырылуда.Елбасы өзін жастарға арнап : «XXI ғасыр – жастардың ғасыры. Сондықтан біздің ойымыз, көңіліміз, тілегіміздің бәрі жастарда. Егер жастар отансүйгіш болып өсетін болса, халықтың, мемлекеттің, жер-суымыздың тәуелсіздігін сақтап қалатын болса, еліміз, жеріміз өркендей өседі»,- деп бізге үн тастайды.

Иә, расында да елдің болашағы бізбіз. Қазақ елі қырандай қанат қағып, Еуропа, Азия заңғарына көз тастайды. Еліміз асқар асуларға көз тігіп, ақылды, арлы, парасатты басшысы болашаққа «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»- деп ұлы жоспар құрды. Мұны жастар құлшына қолдап бойларына қуат, ойларына жігер қосты. Сол жастардың біреуі менмін. Мен-тәуелсіз елдің болашағымын. Ұлы даланың перзенті ретінде туған елімнің келешегі үшін аянбаймын.

Бүгінгі таңда біздің алға қойған мақсатымыз — Қазақстан мемлекетін, Отанымызды жаңа үлгіде жаңашыл саясатпен өркениетті елдердің қатарына қосу, өркендеген мемлекеттер шыңынан көріну.

«Шыңдасан шыңға жетерсің» демекші, бұл біздің еңбегіміздің нәтижесінде жүзеге асары анық. Келешекте Абай атамыз айтқандай, дүниеге «кірпіш болып қаланып», мемлекеттің өркендеуіне септігімізді тигізуіміз керек. Бұлайша ойлау текті елдің текті ұрпағына ғана қолынан келсе керек.

Қазіргі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде білім мен тәрбие алып жатқаныма өте ризамын.

Мен елімнің нұрлы да шуақты күндерінде білімді де өнегелі ұрпағының жетістіктеріне, бүкіл әлемнің «Қазақстан! Қазақ елі» — деп таңдай қағарына сенімдімін.

М.Дулатов атындағы
№136 мектеп-гимназиясының
10 «Б» сынып оқушысы
Бақыт Нұрайым Қайратқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *