Тағаев Нұрбек — Мен Президент болсам… (эссе)

Тағаев Нұрбек — Мен Президент болсам… (эссе)

Қызылорда қаласы №10 қазақ-түрік лицейінің 7 сынып оқушысы Тағаев Нұрбек

                                                 Мен Президент болсам  (эссе)

Әрбір балада үлкен арман болар. Менің де балалық арманым- ел басшысы болу.  Мен өзімнің   Елбасымды мақтан тұта отырып,тек сол адамнан үлгі аламын.    Егер мен Президент болсам Елбасымыз  секілді  дана да, дара тұлға болар едім. Президент – бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам. Осы тұлғадай елімді көркейту,халқымның санын дамытып, қаламызды таңғажайып  жемісті баққа айналдыруға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Сол  жемісті бақтарда  бір-бірімен тату-тәтті адамдар өмір сүреді. Ең алдымен тілдің  мәртебесін  көтерер едім. Себебі,  тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа болады. Екіншіден, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымызды, ою-өрнектерімізді, ұлттық киімдерімізді  яғни қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын.Үшіншіден,  мұқтаж жандарға көмектесіп, халықтың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жасаймын.  Өйткені, дені, жаны сау ұрпақ-Мәңгілік елдің болашағы.

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш сезіммен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта еліміздің қожасы да, иесі де біздер,яғни өскелең жас ұрпақ. Біздер жаңа ғасырдың, жаңа мыңжылдықтың ұрпақтарымыз, егеменді еліміздің ертеңгі болашағымыз.  Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімде. Бірлігі жарасқан қазақ елінің ұрпақтарының келешек өмірінің жарқын болуы өз қолында. Елімнің гүлденіп, әлемдегі алпауыт елдердің алдыңғы қатарында тұратынына сенімдімін. Армансыз адам — қанатсыз құспен тең?» — деп халық даналығында бекер айтылмаған. Менің де балалық арманымның бірі — Елбасы болу. Мен армандарымның орындалатына сенемін. Мәңгілік Қазақтың перзенті ретінде елімнің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.

Ол үшін,мен елімнің басшысынан үлгі ала отырып,тынбай-талмай сабақты тек  5-ке оқимын. Осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Мәңгілік елдің бақытты ұрпақтарының бірімін.

Бұл арманыма ата- анам,достарым,сыныптастарым,сынып жетекшім де сенеді.

Ең бастысы әр қазақтың жүрегі «Мен – қазақпын» деп соқса, еліміз алынбас,бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз  тыныш  болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *