Бұхарбай Назерке — Білім кілті кітапта

Бұхарбай Назерке — Білім кілті кітапта

Кітап — біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітаптан табамыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз.Кітаптар кітапханада сақталады. Яғни, кітапхана оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан бітіретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-кітапханашы.

Ата-бабамыз «Кітап-көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап –білім бұлағы», «Кітап- ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, зұлымдықпен күресе білуге үйретеді. Кітап қай заманда да өзінің құнын жоғалтқан емес. Кітап – өлмейтін дүние. Адамды адам еткен, тобыр деңгейінен көтерген ең бірінші фактор кітап еді.

Адам өз білімін өзгелерге үйрете білу керек. Білімді болу өзіңді өзгелерге таныта білу емес, Отаныңа қызмет ету болып табылады. Кітап туралы данышпандар аз айтып, аз жазбаған. Кітап біткеннің бәрі қадым заманнан бері адамзат баласының тек кәдесіне ғана жарап келе жатқанының айғағы болса керек. «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін зиялы бола бастадым деп санауына болады». «Кітапсыз өтілген бір күн-орны толмас бос кеткен күн». « Кітап адамзат ақыл-ойын, інжу- маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан –ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс топыраққа айналамыз»- деген екен.

Қазіргі таңдағы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бір айғағы. Біздің рухымыз әрине, кітап оқып, ізденген кезде жаңғырады. Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ. Олай болатын себебі «Оқымасаң ой тоқырайды» демекші, оқу, білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі.

Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып кітап оқуға деген құштарлық та арта бермек. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды. Оны қайта түлету мемлекеттің ғана емес, ел болашағын ойлаған зиялы қауымның да ісі болмақ.

7 «А» сынып

Бұхарбай Назерке

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *