Турсынханова Райгүл — Білім кілті кітапта

Турсынханова Райгүл — Білім кілті кітапта

Білім кілті кітапта

«Кітап –ғалым,тілсіз мұғалім», «Білім кілті кітапта» деп қазағымыз бекер айтпаса керек.Жаны бар сөз.Кітап –ойыңды дамытып,шөліңді қандырып бойыңа білім нәрін сіңіретін таусылмас ілім.Біз кітаптан білімді ғана үйренбей,жақсы қасиеттерді де үйренеміз.Мысалы,адамгершілік,сыпайылылық,мәдениеттілік.

Кітапты ежелгі Мысырда «папирус» деген өсімдіктен жасаған екен.Ал ежелгі түркі халқы тасқа ойып жазған көрінеді.Сондықтан кітапты асыл қазынаға да теңеген.Бірақ қазіргі кезде асыл құндылықты көпшілігі оқуға құлықсыз.Бәрі ғаламторға телміріп отырады.Кітап арқылы біз сауатымызды ашамыз,оқуға,жазуға үйренеміз.Кітаптың бізге берері мол.Ендеше,білімнің негізі кітапта екенін естен шығармайық!

Турсынханова Райгүл 4 «Б»класс оқушысы«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»

КММ-сі Аягөз қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *